Айбек Нұғымаров өзбекстандық Мухсин Хисомиддиновті жамбас ұпайымен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбек Нұғымаров өзбекстандық Мухсин Хисомиддиновті жамбас ұпайымен ұтты

08.09.2017

Айбек Нұғымаровтың келесі қарсыласы - Мухсин Хисомиддинов. Өзбекстандық палуан бұған дейін жерлесіміз Дәурен Нұралиновты ұтқан болатын. Әуелгісінде тәжікстандық Дадахан Курбоналиевті бір жамбас және екі бүк ұпайымен жеңді.  

Мухсин Хисомиддинов - кураштан Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы, кураштан 2015 жылғы Әлем чемпионы, 2014 жылғы «Еуразия Барысының» қола жүлдегері.

 Бұл белдесуде жамбас ұпайымен Айбек Нұғымаров келесі кезеңге өтті.

Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде. 

Хабарламаларға жазылу