Қызылордалық шахматшы Әсел Серікбай астаналық шахматшылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық шахматшы Әсел Серікбай астаналық шахматшылармен кездесті

15.08.2017

Ойын шебері бір мезетте 15 тақтада сеанс өткізді. Нәтижесінде қарсыластарын 12-0 есебімен жеңіп шықты. Әсел осымен екінші мәрте сеанс өткізуде. Шахмат ойынының бұл түрімен тек әлем чемпиондары ғана айналысады екен. Ал, Әсел Серікбай жасөспірімдер арасында 3 дүркін Азия, оқушылар арасында 2 дүркін әлем чемпионы, 8 дүркін Қазақстан чемпионы.

Айта кету керек, 15 жастағы Әсел Қызылорда облысы тарихында алғаш рет «ФИДЕ шебері» атағына ие болған қыз. Алда оны маңызды кездесулер күтіп тұр. Қыркүйек айында Уругвайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу