«Tour of Langkawi» көпкүндігі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tour of Langkawi» көпкүндігі өтуде

24.02.2017
Аталған сайыста еліміздің атынан «Вино Астана Моторс»командасы қатысуда.

Малайзияда велоспорттан «Tour Of Langkawi» көпкүндігінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған сайыста еліміздің атынан «Вино Астана Моторс»командасы қатысуда.

Ең ұзақ саналатын екінші кезеңде шабандоздар 208 шақырымды бағындырды. Сайыста қазақстандық шабандоз Евгений Гидич мәре сызығын екінші болып кесіп, жерлестеріміз арасынан үздік нәтижеге қол жеткізді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу