Бразилияда өткен саңыраулар арасындағы Олимпиадада Хайратхан Шонқу алтын жүлдені жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда өткен саңыраулар арасындағы Олимпиадада Хайратхан Шонқу алтын жүлдені жеңіп алды

19.05.2022

Бразилияда өткен саңыраулар арасындағы Олимпиадада Хайратхан Шонқу алтын жүлдені жеңіп алды. Грек-рим күресінің балуаны ел қоржынына екінші алтын медальді салды. Сурдлимпиядада 130 келі салмақта өнер көрсеткен Хайратханға тең келер қарсылас болмады. Финалдық белдесуде ол түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдықпен жеңді. Тағы үш қазақ палуаны күміс және қола медальді иемденді. Олар: Асылан Тәжиев, Нұржан Асан және Алдияр Балташев. Жеңімпаздарды ел жұрт бар сән-салтанатымен қарсы алды.

Хабарламаларға жазылу