Бүгін аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Жұман Жұмабеков ел намысын қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Жұман Жұмабеков ел намысын қорғайды

16.12.2016
Бүгін аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Жұман Жұмабеков ел намысын қорғайды

Бүгін Мәскеуде  Fight Nights Global  жүйесі бойынша қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік Гаджи Рабадановпен шеберлік байқасады.

«Бүгін еліміз үшін айтулы әрі маңызды күн - Қазақстаннның Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесі. Осы қасиетті күні мен жерлестеріме тарту жасап, қарсыласымды ұтуым керек,- деді «Найман» лақапатына ие қазақстандық спортшы.

Еліміздің Тәуелсіздік күні тағы бір қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков өнер көрсетеді. Оның қарсыласы -  ресейлік Никита Чистяков.

Отандастарымыздың жекпе-жектерін «Kazsport» телеарнасынан бүгін сағат 22:00-де көре аласыздар! Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Қолдау көрсетейік!

Хабарламаларға жазылу