Қуат «Найман» Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат «Найман» Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

10.02.2017
Қуат «Найман» Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық ММА аралас жекпе-жегінің шебері Қуат Хамитов WBK чемпионы дәрежесі үшін өтетін айқастың қай күні болатынын айтты.

«Менің келесі айқасым 6 наурызда WBK (World Ultimate fighting league) Әлем чемпионы белдігі үшін Қытайдың Шанхай қаласында өтеді», – деп жазды Хамитов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, «Найман» деген лақап атпен белгілі отандасымыз соңғы рет «Fight Nights Global 57» ресейлік промоушеннің өткен жылдың 17 желтоқсанында өткізген жекпе-жегінде қарсыласы Гаджи Рабадановты басымдықпен жеңген болатын.

Хабарламаларға жазылу