Қазақстандық палуан Нұрлан Бекжанов Әлем чемпионатында екінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық палуан Нұрлан Бекжанов Әлем чемпионатында екінші орын алды

12.12.2016
Қазақстандық палуан Нұрлан Бекжанов Әлем чемпионатында екінші орын алды

Олимпиадалық емес салмақ категориялары бойынша Будапештте өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық палуан Нұрлан Бекжанов еркін күрестен күміс медальға ие болды, деп хабарлады РИА «Новости».

70 кг салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуде ол ресейлік Мухаммад Курбаналиевке 8:4 есебімен жол берді. Ал, үшінші орынды қырғызстандық Эламан Догдурбек-Уули мен ирандық Мустафа Хоссейнхани еншіледі.

Хабарламаларға жазылу