Том Лёффлер: Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Том Лёффлер: Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды

19.10.2016
Том Лёффлер: Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды

Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) командалары арасындағы келіссөздер күтілген мерзімнен көп жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Геннадий биыл шаршы алаңға шықпайды, деп хабарлады sports.kz.

Еске сала кетейік, Головкиннің кездесуі 10-шы желтоқсанда в Нью-Йорктегі  Madison Square Garden аренасында болады деп жоспарланған. Алайда, қазақстандықта өзге қарсыласпен кездесу ниеті жоқ. Джейкобспен кездесу 2017 жылдың алғашқы айларында өтеді деп көзделген.

«Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобспен өткізеді», - деді RingTV берген сұхбатында боксшы промоутері Том Лёффлер.  

«Бұған дейін жұдырықтасу мүмкін емес. Өйткені, WBA Дэниельмен кездесуді міндеттеді. Геннадий - қазіргі бокста ең белсенді спортшы, алайда, осындай жағдайларға тап болғанда, келіссөздерге көп уақыт кетеді.

Промоция тұрғысында мұндай жекпе-жекке көп дайындалу керек. 10 желтоқсанға дейін аз уақыт қалғандықтан, кездесуді 2017 жылы өткізетін болдық», деді Т.Лёффлер.

Хабарламаларға жазылу