Басты Жаңалықтар Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы

Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасындағы сарбаздың жағдайы жақсы. Әскери қызметші өздігінен жүріп-тұра алады. Жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесіне ауыстырылған. Тілшіміз Аягөз Оралбайқызы ауруханада сарбаздың ата-анасымен сұхбаттасты. Аягөз, жағдайды баяндай беріңіз сіз тікелей эфирдесіз.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Біз қазір облыстық аурухананың жанындамыз. 19 жастағы Ақжол Темірәлиев мұнда 24 қыркүйек күні жеткізілген. Оған дереу медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақталған. Есін біледі, өздігінен жүріп-тұра алады. Ақжол былтыр қазан айында әскер қатарына шақырылған. Биыл қазанның үшін де үйіне қайтатын уақыты екен. Қазір сарбаздың ата-анасы жанында. Әкесі баланың жағдайы туралы тілшілерге сұхбат берді.
Тимур Қыдырзиязов, сарбаздың әкесі:
Бүгін таңертең палатаға ауыстырды. Кіріп шықтым, қасында болдым, әңгімелестім. Аман-сау қалды деп ойлаймын, көрер жарығы бар екен. Қайғылы жағдай, сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Баламның қасында болған, бір жылдан бері бірге болған қасындағы дос болып кеткен, бауыр болып кеткен сарбаздар ғой. Барлық ата-анаға көңіл айтқым келеді. 
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Төтенше жағдайға қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен оқу-жаттығуды ұйымдастыруға байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Материалдық көмекті жинақтау үшін арнайы қор құрылып, оның жұмысы Маңғыстау облысы әкімдігінің бақылауына алынған.


Бөлісу