«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының арнайы күнделіктерін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының арнайы күнделіктерін көрсетеді

07.09.2016
«Kazsport» телеарнасы  XV Жазғы Паралимпиада ойындарының арнайы күнделіктерін көрсетеді

8-18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейрода XV Жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Сайыс барысында 22 спорт түрінен 528 медаль сарапқа салынады.

«Kazsport» телеарнасы күн сайын күндіз және кешке екі тілде (қазақ және орыс) шығатын жарыстың арнайы күнделіктерін көрсетеді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында Қазақ елі намысын 11 спортшы қорғайды.

Жүзу (4):

1.Габидуллина Зульфия

2.Ахметов Әнуар

3. Агалаков Роман

4. Звягинцева Наталья

Дзюдо (2):

5. Cариев Әнуар

6. Құралбай Орынбасар

Пауэрлифтинг (3):

7. Әбдіхалықова Гүлбану

8. Қойшыбаева Раушан

9. Дукарт Вадим

Жеңіл атлетика (1): 

10. Қалқаев Аманат

Садақпен тау:

11. Медведев Александр

«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы Астана уақытымен 03:15-те.

Хабарламаларға жазылу