«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

07.09.2016
«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 7 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода XV Жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты «Маракана»  стадионында өтеді.  Басталуы жергілікті уақытпен – 18:15 (Астана уақытымен 03:15).

Бұған дейін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары да осы стадионда өткен болатын.  Паралимпиада ойындары аясында өтетін барлық сайыстар Олимпиада ойындары өткен  алаңдарда өтеді.  

Жарыс кезінде 22 спорт түрінен 528 медаль сарапқа салынады. Паралимпиада бағдарламасында академиялық ескек есу, баскетбол, бочче, велоспорт, атқа міну, волейбол, голбол, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, желкенді спорт, пауэрлифтинг, жүзу, регби, ату, садақпен ату, теннис, фехтование, футбол (5 адамнан), футбол (7 адамнан) бар. Сондай-ақ, Ойын бағдарламасына каноэ мен байдаркада және триатлонда ескек есу сайыстары енгізілген.

Жарыстар 8-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақ елі атынан Паралимпиада ойындарына 11 спортшы қатысады.

Жүзу (4):

1.Габидуллина Зульфия

2.Ахметов Әнуар

3. Агалаков Роман

4. Звягинцева Наталья

Дзюдо (2):

5. Cариев Әнуар

6. Құралбай Орынбасар

Пауэрлифтинг (3):

7. Әбдіхалықова Гүлбану

8. Қойшыбаева Раушан

9. Дукарт Вадим

Жеңіл атлетика (1): 

10. Қалқаев Аманат

Садақпен тау:

11. Медведев Александр

 

«Kazsport» телеарнасы XV Жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы Астана уақытымен 03:15-те.

Хабарламаларға жазылу