Геннадий Головкин балалар үйінің тәрбиеленушісін қамқорлығына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин балалар үйінің тәрбиеленушісін қамқорлығына алды

19.03.2014
Геннадий Головкин балалар үйінің тәрбиеленушісін қамқорлығына алды
Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағандыдағы мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерге арналған балалар үйіне танымал адамдар қонаққа барды. Бұл туралы sports.kz хабарлайды.
 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі Ержан Темірханов пен бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин тәрбиеленушілерге түрлі спорттық ойындарға арналған құрал-жабдықтар тарту етті.
 
Геннадий Головкин балалардың бірін өз қамқорлығына алды.
 
Ekaraganda.kz

Хабарламаларға жазылу