Алматыда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті

02.11.2015
Алматыда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті
Жасөспірімдер арасындағы додаға еліміздің барлық облыстарынан палуандар келіп, бақ сынады.

Жарысқа қатысушы жасөспірімдер 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара жеңімпаздарды анықтады. Тартысты белдесуде 42 келіде Шығыс Қазақстандық Еркебұлан Ардақов топ жарса, 46 келіде Жамбылдық Нұргелді Айтжан мықты болды.

54 келіде Солтүстік Қазақстаннан келген Мұстафа Аймахан жеңімпаз атанды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу