Алматыда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті

10.05.2017

Алматыда грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті.

Жарыста 1997-1999 жылдары туған жеткіншектер бақ сынады. Турнир арқылы грек-рим күресін жастарға танытып, үздік палуандарды ұлттық құрамаға іріктемекші. 8 салмақ дәрежесі бойынша бізден бөлек, Армения, Грузия, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Франция, Ресей, Германиядан да спортшылар келіп қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, медальдармен марапатталды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу