Шығыс Қазақстан облысында грек-рим күресінен жасөспірімдер жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында грек-рим күресінен жасөспірімдер жарысы өтті

28.04.2014
Шығыс Қазақстан облысында грек-рим күресінен жасөспірімдер жарысы өтті
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Ауған соғысының ардагері Қайрат Оспановты еске алуға арналған жарыс биыл 6-шы рет ұйымдастырылған.
 
Бозкілем бәсекесіне еліміздің түпкір-түпкірінен барлығы 217 жас палуан жиналып, 12 салмақ дәрежесінде бақтарын сынады.
 
Жалпы, Аягөз өңірінде, оның ішінде Мамырсу ауылында грек-рим күресі өте жақсы дамыған. Шағын елді мекеннен еліміздің намысын халықаралық дәрежеде қорғап жүрген  чемпиондар шыққан.
 
 Турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын жарысқа қатысушылар саны артып келеді. Алдағы уақытта спорттық шараны халықаралық деңгейде өткізу көзделген.  
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу