Алматыда 4 қазанда «Тур Алматы» веложарысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 4 қазанда «Тур Алматы» веложарысы өтеді

02.10.2015
Алматыда 4 қазанда «Тур Алматы» веложарысы өтеді

Бұл туралы жарыстың директоры Джек Ватсон мәлімдеді. Ол сайысқа кәсіби командалардың қызығушылығы көбейіп, маңызы артқанын айтты. Мысалы, биыл дәстүрлі 1 күндік жарысқа 20 команда қатысады.

Оның ішінде «Астана», «Катюша», «Русвело» сияқты дүниежүзіне танымал ұжымдар өзінің үздік өкілдерін ұсынған. Сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия Ұлттық құрамаларының мықты спортшылары да бақ сынамақ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу