Қытайдың Фучжоу қаласында ауыр атлетикадан Гран-при турнирі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Фучжоу қаласында ауыр атлетикадан Гран-при турнирі өтуде

22.09.2015
Қытайдың Фучжоу қаласында ауыр атлетикадан Гран-при турнирі өтуде

Қазақстандық Сәуле Садуақасова Қытайдың Фучжоу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлемдік Гран-при бәсекесінде қола жүлдеге ие болды. 63 келіде сынға түскен жерлесіміз  қос сайыстың нәтижесі бойынша 208 келіні бағындырса, 235 келіні оңай еңсерген қытайлық Чень Гумин жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, екінші орында ресейлік  Наталья Хлесткина. 23-не дейін жалғасатын Гран-при жарысында ел намысын 8 спортшы 5 салмақ дәрежесінде қорғамақ. Ал, жалпы сайыста 12 мемлекеттен келген 63 спортшы өзара мықтыны анықтауда. Бұл турнир  2016 жылы Бразилияда өтетін Жазғы Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын лицензиялық турнир.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу