Астанада Әлия Юсупованың жүлдесі үшін жарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әлия Юсупованың жүлдесі үшін жарыс басталды

18.04.2015
Астанада Әлия Юсупованың жүлдесі үшін жарыс басталды

Астанада көркем гимнастикадан Қазақстанға Еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесі үшін халықаралық турнирдің жалауы желбіреді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған ФИЖ турниріне 12 елдің өкілдері қатысуда.

Қатысушылар екі күн бойы доп, шығыршық, таспа және ұршықпен орындалатын жаттығуларда сынға түседі. Ересектер арасында екі бірдей жерлесіміз Сабина Аширбаева мен Селина Жұматаеваға үміт артылып отыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупованың айтуынша, спорттық шара іріктеу жарысы болып саналады. Сайыс жеңімпаздарының есімдері ертең белгілі болады. Тал шыбықтай майысқан гимнаст қыздардың өнерін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу