Астанада джиу-джитсудан республикалық жарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада джиу-джитсудан республикалық жарыс басталды

21.02.2015
Астанада джиу-джитсудан республикалық жарыс басталды

Бүгін Астанада джиу-джитсудан жастар арасында республикалық сайыс басталды. Додада еліміздің 10 облысынан келген 150-ге жуық спортшы екі күн бойы бақ сынамақ. Аса қырағылық пен өжеттілікті қажет ететін бұл спорт түріндегі сайыс осымен алтыншы рет өткізілуде.

Ұйымдастырушылар, қазіргі таңда джиу джитсумен айналысатын жастар артып келеді,-дейді. Ел чемпиондары осындай бұқаралық спорт түрлерін дамыту қажеттігін алға тартты.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу