Астанада Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған турнир ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған турнир ашылды

23.06.2014
Астанада Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған турнир ашылды
Астанада Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған көркем гимнастикадан халықаралық турнир ашылды.
 
5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан аламан бұған дейін Шымкент қаласында өткізілді.
 
Жарысқа Ресей, Малайзия, Армения, Өзбекстан, Таиланд, Сербия, Әзірбайжан, Қырғыз, Украина және Молдова сынды бірқатар шет мемлекеттердің гимнастшылары қатысады.
 
Әлия Юсупова, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:
Осы жылы біз 5-ші халықаралық турнир өткізіп жатырмыз. Биыл Астанада бірінші рет өтуде. Біздің қонақтарымыз Ресейден келген Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, Олимпиада қатысушысы Ольга Капранова. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері - Ирина Чащина. 
 
Шырақ БАЙКЕНОВА

Хабарламаларға жазылу