Андреа Гуардини «Лангкави Турында» тағы да топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Андреа Гуардини «Лангкави Турында» тағы да топ жарды

10.03.2015
Андреа Гуардини «Лангкави Турында» тағы да топ жарды

Бұл жолы қатысушылар 185 шақырымдық жолды жүріп өтті.   Белгіленген межеге жету үшін велошабандоздар 4,5 сағат жұмсады.

Негізгі тартыс тағыда «Астана» мен «Orica GreenEDGE» клубтарының арасында өрбіді.

Отандық велотоптың капитаны Андреа Гуардини жексенбідегі жетістігін қайталап, 4 сағат 30 минут 36 секундта мәре сызығын бірінші кесті.

Ал, Калеб Эван екінші орынды місе тұтты. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына италиялық Якоб Марезка көтерілді.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу