«Атлант» - «Барыс» 3:4 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атлант» - «Барыс» 3:4

13.12.2014
«Атлант» - «Барыс» 3:4

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» ойыншылары сырт айдында «Атлант» командасынан басым түсті. Қорытынды есеп 4:3.

Алғашқы кезеңнің аяқталуына аз уақыт қалғанда хоккейші Андрей Таратухин мергендігімен көзге түссе, ойынның 26-шы минутында Роман Старченко есепті теңестірді. Қарсылас команданың қақпасына тағы бір шайба соққан Талғат Жайлауов «Барысты» алға шығарды. Бірақ елордалық клубтың қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Тартысты сәттердің бірінде Андрей Таратухин мен Сергей Шмелев көздегеніне жетті. Бірақ, Брэндон Боченский Роман Старченко айрықша өнермен көзге түсіп өз командасына жеңіс сыйлады. Ертең «Барыс» сырт айдында «Динамо» ойыншыларымен шеберлік байқасады.

Хабарламаларға жазылу