Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай көкпардан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай көкпардан жарыс өтті

24.11.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай көкпардан жарыс өтті

Жаппай көкпардың ережесіне сай, ортада жатқан серкені барлық шабандоздың алуына мүмкіндік беріледі. Бәсекеде бағын сынаймын дегендерге шектеу жоқ.

Сол себепті, қалың доданы қақ жару үшін шабандоздар, бірінші кезекте аттың бабымен, тұлпардың сынына ерекше мән беруге тиіс.

Өзіндік дәстүрі қалыптасып, көпшілік қызығына айналған байрақты бәсеке келер жылы да жалғасын таппақ.

Себебі, жаппай көкпар ірі жарыстар алдында шабандоздардың шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік беретін басты сын.

Хабарламаларға жазылу