Алматы облысының құрамасы грек-рим күресінен ҚР кубогын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының құрамасы грек-рим күресінен ҚР кубогын иеленді

31.10.2014
Алматы облысының құрамасы грек-рим күресінен ҚР кубогын иеленді

Биыл алғаш рет командалық есепте ел кубогы жолындағы бәсекелер өтуде. 14 облыс пен 2 қаланың намысын қорғаған палуандар төрт топқа бөлініп сынға түсуде.

Алдымен ел кубогын  грек-рим күресінің палуандары сарапқа салған.

Бұл бәсекеде қарсыластарының барлыған айқын басымдылықпен ұтқан Алматы облысының командасы бас жүлдеге ие болды.

Олар финалда 5 : 3 есебімен Алматы қаласының спортшыларын жеңді. Ал, қола жүлде астаналықтардың еншісінде. Олар үшінші орын үшін өткен белдесуде шымкенттіктерден басым түсті.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу