«Alem Barysy» турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Alem Barysy» турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті

24.10.2014
«Alem Barysy» турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті

«Alem Barysy» турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Сайысқа әлемнің ең үздік 38 палуаны қатысуға ниет білдірген.  Жарыстың регламенті бойынша, олардың салмағы 90 келіден жоғары болуы тиіс.

Халықаралық турнирде  ел намысын төрт спортшы қорғамақ. Жарыс ертең Павлодар қаласында өтеді.

Палуандардың тартысын көрермен қауым «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан сағат 12:00-де тікелей эфирде көре алады.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу