Атырауда дзюдодан республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда дзюдодан республикалық турнир өтті

14.10.2014
Атырауда дзюдодан республикалық турнир өтті

Атырауда спорт және еңбек ардагері Кеңес Барахатовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы 12-ші республикалық турнир өз мәресіне жетті. Спорттық шараға 13 команда қатысып, мықтыны анықтады.

Дәрежесі жыл санап котерілген бұл жарыс моно қала Құлсарыдан облыс орталығына қоныс аударды. Ел құрамасы аға бапкерінің алдында палуандар барын салды.

Сарапқа түскен 11 «алтын» байрақтың үшеуін Атырау , ал Қызылорда, Ақтөбе,Маңғыстау және Батыс Қазақстандық спортшылар екі алтыннан иеленді.

Турнир соңындағы топтық жарысқа 8 құрама іріктелді. Финалда Атырау мен Батыс Қазақстандық палуандар белдесіп Оралдықтардың мерейі үстем болды. Маңғыстаулық дзюдошылар жүлделі үшінші орынға тұрақтады.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу