Аягөзде бокстан республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде бокстан республикалық турнир өтті

27.09.2014
Аягөзде бокстан республикалық турнир өтті
Шығыс Қазақстанның Аягөз қаласында Қазақстан Республикасының Бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық турнир өтті. 
 
1999-2000 жылы туған жасөспірімдер арасындағы сайыста спортшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Республикалық  жарыс болғанымен, бақ сынауға елімізден бөлек, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы мен Моңғолия мемлекеттерінің спортшылары да  келген. 
 
Шарша алаңда шеберлік  көрсеткен спортшылардың ішінде ел намысын қорғаған жерлестеріміз басым түсті.
 
Ержан ЖАҚЫП
 
 

Хабарламаларға жазылу