![Жазғы Азия ойындарының 13 күні аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79788.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әзірше Қазақстан құрамасы 20 алтын медаль олжалап, жалпы командалық есеп бойынша 4 орында. Айта кетейік, бұл нәтиже осыдан 4 жыл бұрын Гуаньжоуда өткен ойындармен салыстырғанда екі алтынға көп.
Ел қоржынына соңғы алтынды жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова салды. Ал, оған дейін грек-рим күресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев «алтын» ұтқан болатын. Ол финалдық белдесуде бозкілем қожайынын 3-0 есебімен ұтып, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Рустам БАЙДАУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жазғы Азия ойындарының 13 күні аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/25852/)