Қазақстандық ватерполшылар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ватерполшылар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

24.09.2014
Қазақстандық ватерполшылар  Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында су добының жарысы аяқталды. Кездесулер қорытындысы бойынша қазақстандық ватерполшылар  Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Шешуші матчта Жапония Сингапур құрамасын 25:2 есебімен ұтып, күміс жүлдеге ие болды.

Жапония мен Қазақстан арасындағы  ойын есебі тең аяқталған еді. Доп айырмашылығы бойынша Жапония құрамасы  екінші орынды иеленіп отыр.

Қазақстан құрамасының ойыншылары: Александра Жаркова, Наталья Шепелина, Айжан Ақылбаева, Анна Турова, Кәмилә Зәкірова, Анастасия Миршина, Замира Мырзабекова, Оксана Сайчук, Әсел Жақаева, Марина Гриценко, Наталья Александрова, Аружан Егембердиева және Кристина Красикова.

Еске сала кетейік, бірнеше сағат бұрын қазақ ватерполшылары Азия ойындарының чемпионы атанған Қытай құрамасына  6:11 есебімен жол берді.

 

Фото: in.news.yahoo.com


 

Хабарламаларға жазылу