Қазақстандық волейболшылар екінші топтық кезеңге жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық волейболшылар екінші топтық кезеңге жолдама алды

29.09.2014
Қазақстандық волейболшылар екінші топтық кезеңге жолдама алды

Италияда волейболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты жалғасуда. «С» тобындағы Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы шешуші кездесуін Таиланд волейболшыларымен өткізіп, 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы бөлімде қыздарымыз 25-12 есебімен жеңсе, екінші кезеңді 25-22 нәтижесімен, ал соңғы партияны 25-20 есебімен аяқтады.  Осылайша жерлестеріміз өз тобында 6 ұпай жинап, екінші топтық кезеңге жолдама алды. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық қыздар мексикалықтарды дәл осындай есеппен ұтқан болатын.  

Рустам БАЙДАУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу