«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды

03.08.2018
«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды

Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің жауапты  ойынында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберді. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен «Қайрат» жарысты жалғастырады.
Ойын бірден қарсылас команданың  қарқынды шабуылдарымен басталды. Алғашқы голды ойынның 21 минутында Бауыржан Исламхан пенальтиден соғып, командасын есепте алға шығарды. 


Бірінші таймның 42 минутында  алаң иелері есепті теңестірді. Голды соққан Гус Тилл. Ал, соңғы голды 92 минутта пенальтиден Теун  Коомпейнерс соқты. Қортынды есеп 2:1. Қос ойын бойынша «Қайрат» командасы 3:2 есебімен келесі кезеңге жолдама алды.


«Қайрат» биыл өз тарихында тұңғыш рет аталмыш жарыстың үшінші кезеңіне шығып отыр. Бұған дейін олар 6 мәрте аталмыш додаға қатысқанымен, екінші кезңнен әріге өте алмаған еді.

«Қайрат» - «АЗ Алкмаар» ойынын «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирде көрсетті. 

Хабарламаларға жазылу