Еркін күрес. Дәулет Ниязбеков алғашқы белдесуінде жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еркін күрес. Дәулет Ниязбеков алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

29.09.2014
Еркін күрес. Дәулет Ниязбеков алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында еркін күрестен бозкілемдегі белдесулер жалғасты.

61 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Дәулет Ниязбеков алғашқы белдесуін сәтті аяқтады. Ол Түркіменстан палуаны Батыр Боряковтан 3:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандық палуанның ширек финалдағы қарсыласы – Ұлан Надырбекұлы (Қырғыз Республикасы).

 

Фото AFP©

Хабарламаларға жазылу