Инчхон-2014. Татьяна Аманжол қола медаль үшін күреседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Татьяна Аманжол қола медаль үшін күреседі

27.09.2014
Инчхон-2014. Татьяна Аманжол қола медаль үшін күреседі

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында еркін күрес бәсекелері басталды.

48 келіге дейін салмақта бозкілемге шыққан қазақстандық Татьяна Аманжол ынталандыру бәсекесінде түркіменстандық Маргарита Филиппованы 4:0 есебімен жеңіп, қола медальға күресуге мүмкіндік алды.

Татьяна Аманжолдың келесі қарсыласы - таиландтық Маливан Муангпор.

Айта кетейік, қазақстандық палуан алғашқы белдесуінде қытайлық Сунь Янаньнан ұтылып қалған еді.

Хабарламаларға жазылу