Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Ақтөбеде ашық сабақ өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Ақтөбеде ашық сабақ өткізді

19.10.2016
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Ақтөбеде ашық сабақ өткізді

Суға жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Ақтөбе қаласындағы № 56 орта мектепте ашық сабақ өткізді. «Физульт-Ура» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған шараға «Астана» Президенттік клубының менеджері, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко да қатысты.

2

Спорт жұлдыздары оқушылармен бірге мектеп жасындағы балаларға арналған фитнес-технология жаттығуларын жасады. Балалар 45 минут бойы жаттығып, чемпионнан қажетті кеңес алды. Жаттығу аяқталғаннан кейін оқушылар танымал спортшымен естелік суретке түсті.

3

4

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин сәуір айында Астана қаласында алғашқы ашық сабағын өткізген болатын. Әлеуметтік жоба бұдан кейін Алматы қаласында жалғасады.

Фото - vesti.kz

Хабарламаларға жазылу