Теннистен ерлер құрамасы Азия ойындарының «алтынын» алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен ерлер құрамасы Азия ойындарының «алтынын» алды

24.09.2014
Теннистен ерлер құрамасы Азия ойындарының «алтынын» алды

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Александр Недовесов, Михаил Кукушкин және Андрей Голубев салды.

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында теннистен Қазақстан ерлер құрамасы қытайлық спортшыларды 2:0 есебімен ұтты.  

Финалдық кездесулерін  Александр Недовесов пен Михаил Кукушкин жеңіспен аяқтады.

Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлет Маргарита Елисеева, стендтік оқ атудан әйелдер құрамасы, суға жүзуден Дмитрий Баландин (2) «алтын» алды.
 

ФОТО: tennisworldusa.org

Хабарламаларға жазылу