Гольфтен халықаралық «Kazakhstan open-2014» турнирі аяқталды
Алматыда қала күніне орай гольфтен «Kazakhstan open-2014» халықаралық турнирі өтті.
10 жыл қатарынан ұйымдастырылған сайысқа 20-дан астам елден 132 спортшы қатысты.
Бұл сында ел намысын Нұртай Салдаров, Александр Вангай және Нұрлан Мақұлбеков қорғаған болатын, алайда бас жүлдені британдық спортшы Сэм Хэтсби қанжығасына байлап кетті.
Жарыс деңгейі жыл санап көтеріліп келеді дейді қатысушылар. Жүлде қоры да қомақты, 450 мың еуродан асады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа турына жолдама ұтып алды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04