Инчхон - Азия ойындарын қабылдап жатқан Кореяның үшінші қаласы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон - Азия ойындарын қабылдап жатқан Кореяның үшінші қаласы

19.09.2014
Инчхон - Азия ойындарын қабылдап жатқан Кореяның үшінші қаласы

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы  Азия ойындары басталды.

Инчхон – Азия ойындарын қабылдап жатқан Кореяның үшінші қаласы. 1986 жылы Сеулде, 2002 жылы Пусанда өтті.

4 жылда бір  рет ұйымдастырылатын жарыс алғашқы рет 1951 жылы Нью-Делиде өтті.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, биылғы Азия ойындарына  45 мемлекеттен 15 326 атлет қатысады. Ойын бағдарламасына 41 олимпиадалық, 4 олимпиадалық емес спорт түрі енгізілген.

 Барлығы 50 спорт түрінен 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады.  

Ойынның ашылу, жабылу салтанаты және негізгі жарыстар өтетін ең басты алаң – «InchonAsiadMainStadium» нысаны. Стадион 62 818 орынға лайықталған.  

Қазақстан атынан бақ сынайтын 420 спортшы спорттың 39 түрі бойынша бақ сынайды. Олардың арасындағы ең жас спортшы  ескек есу жарысынан сынға түсетін  15 жастағы  Ксения Кондратенко.

Ойындар барысынан 20 қазақстандық журналист ақпарат тарататын болады.  

Хабарламаларға жазылу