Инчхон-2014. Азия ойындары туралы мәліметтер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Азия ойындары туралы мәліметтер

17.09.2014
Инчхон-2014. Азия ойындары туралы мәліметтер

2014 жылдың 19-шы қыркүйек және 4-ші қазан күндері Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында  XVII жазғы Азия ойындарына құрлықтың 45 елінен келген спортшылар, спорттың 36 түрі бойынша 439 медаль топтамасы үшін бақ сынайды.

«Азия ойындары – 2014» нышаны ретінде ағалы-қарындас Вичион (үміт және жарық рәмізі), Бараме (жылы хабар және самал рәмізі) сондай-ақ, Чумуро (көңілді, би рәмізі) таңдалып алынған. Олар Инчхон қаласындағы Бекрион аралында өмір сүретін су жануарлары.

«Азия ойындары – 2014» медальдарының ішінде бейнеленген бесбұрыш Инчхон қаласының бес портының рәмізін білдіреді.

«Азия ойындары – 2014» алауы Инчхон қаласының рәмізі іспеттес тырнаға ұқсатып жасалған. Алауда ұшуға ұмтылып тұрған тырна бейнеленген.

Алаудың екі цилиндрі Инчхон қаласының ашық аспаны және мұхиттың көк суының түсіне қарай, арнайы жасалған. Сондай-ақ, цилиндр жасыл, сары, қызыл түсте бейнеленіп, Азияның бес бөлігінің рәмізі секілді жасалған.

19-шы қыркүйек күні Азия ойындарының ашылу салтанаты «Азияның жарқын келешегін қарсы алыңыз» атты ұранымен өтеді. Ал, 4-ші қазан күнгі жабылу салтанатының ұраны «Инчхондағы ғажайып естеліктеріміз» деп аталған.

Инчхон қаласы туралы мәлімет.

Инчхон – Оңтүстік Кореяның дамыған қалаларының бірі. Халқы 2,9 миллион. Инчхон қаласы халық саны бойынша Сеул және Пусан қалаларынан кейінгі үшінші орында тұрады.

Хабарламаларға жазылу