XVII Жазғы Азия ойындарына елден 10 мықты боксшы барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XVII Жазғы Азия ойындарына елден 10 мықты боксшы барады

17.09.2014
XVII Жазғы Азия ойындарына елден 10 мықты боксшы барады

19 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы Азия ойындарының жалауы желбірейді. 16 күнге созылатын Сары құрлық додасына Қазақстан құрамасы осымен 6-шы рет қатысқалы отыр.

Бұл жолғы Азия ойындарына құрлықтың 45 елінен 13 мың спортшы мен жаттықтырушы қатыспақ. 7 мыңға жуық БАҚ өкілдері барады деп күтілуде. Қазақстан спортшыларының алдына жалпы командалық есепте 4-ші орынды иелену міндеті қойылып отыр. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін кемінде 20-дан астам  алтын медаль  жеңіп алу көзделуде.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов: «Әрине, оңай болмайды. Себебі, қазіргі таңда Азия құрлығында спорт даму үстінде.  Үндістан, Иран, Тайланд, Тайпей елдері командаларының қарқыны жақсы», дейді.

Инчхонға 420 спортшымыз 39 спорт түрінен ел намысын қорғауға аттанбақ. Боксшыларымыз соңғы дайындықтарын Астана қаласында өткізді. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бұл додаға 10 мықты боксшыны алып бара жатыр.

Бокстан Әлем чемпионы Данияр Елеусінов: «Осы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атансам деген үміт бар. Сондай мақсат қойып отырмын. Өзбекстан мен Моңғолиядан келген боксшылар басты қарсылас болады деп ойлаймын», -дейді.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу