Қазақстан волейбол құрамасы Азия Кубогын сәтсіз бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан волейбол құрамасы Азия Кубогын сәтсіз бастады

19.08.2014
Қазақстан волейбол құрамасы Азия Кубогын сәтсіз бастады

Алматыда волейболдан ерлер арасындағы Азия Кубогы жалғасуда. Топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы үндістандық волейболшылармен кездесіп, 3:0 есебімен ұтылып қалды.

Ал, Оңтүстік Корея елінің волейболшылары 3:1 есебімен Жапония құрамасынан басым түсті. Бірінші күннің өзге кездесулерінде Иран 3:2 есебімен Тайландты ұтса, Қытай Австралия құрамасынан айласын асырды. Есеп 3:0.

Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз  «А» тобында Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістан командаларымен сынға түсуде.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу