Еуропа Лигасы: «Астана» - «АИК» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы: «Астана» - «АИК»

01.08.2014
Еуропа Лигасы: «Астана» - «АИК»

Футболдан Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» командасы мен шведтік «АИК» клубы кездесіп, тең есеппен тарқасты.

«Астана Арена» стадионында өткен ойында қонақтар командасы алғашқы минуттан бастап шабуылдап, 9-шы минутта Набиль Бауи есеп ашып, АИК-ті алға шығарды.

Ал, бірінші таймның соңында Таңат Нөсербаев шведтердің қақпасына гол салып, есепті теңестірді.

Айта кетейік, қарымта ойын 7-тамыз күні  Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де Стокгольмде өтеді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу