Алматыда футболдан «Ұлттық студенттер лигасы» құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда футболдан «Ұлттық студенттер лигасы» құрылды

24.07.2014
Алматыда футболдан «Ұлттық студенттер лигасы» құрылды

Бүгін Алматыда футболдан «Ұлттық студенттер лигасы» құрылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің іргесінен қаланған  орталықтың  ашылуына  Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысып,  футбол спортын дамытуды қолға алған студенттердің қарымын байқады.

Сондай-ақ, кеңесте  футбол деңгейін көтерудің келешегі сөз болды. Ол межеге жету үшін  Батыс елдерінің тәжірибесіне сүйену қажет. Бүгін құралған студенттер лигасы соның жарқын бастамасы, дейді ұйымдастырушылар.

Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ ректоры:

Бұл өте болашағы бар зор іс. Біріншіден, халықтың денсаулығына, салауатты өмір сүруге, екіншіден, осындай жақсы спортты әрі қарай жастардың арасында тарату. Айналып келген кезде салауатты ұлтты қалыптастыратын үлкен жоба, деп  қабылдаймыз.

Хабарламаларға жазылу