Алматыда футзалдан Ұлттық студенттер лигасы ойындарының финалдық кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда футзалдан Ұлттық студенттер лигасы ойындарының финалдық кезеңі басталды

28.11.2016
Турнирге биыл еліміздің 7 өңірінен 48 команда қатысқан. Олар - Астана, Алматы, Тараз, Көкшетау, Қарағанды, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жоғары оқу орындарының құрамалары.

Солардың ішінен үздік ойын көрсеткен 20 команда финалдық кезеңге жолдама алды. Енді олар мегаполисте бір апта бойы өзара сынға түседі.


Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу