Илья Ильин Астанада шеберлік сағатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин Астанада шеберлік сағатын өткізді

16.07.2014
Илья Ильин Астанада шеберлік сағатын өткізді

Астанада ауыр атлетикадан екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин шеберлік сағатын өткізді.

Күні кеше Лондонда рекордтық салмақты көтерген Илья биыл да бабында. Спорттық шара барысында чемпион өзі қолданатын бiрқатар әдiстердi жиналған қауымға көрсетті.

Зілтемір көтерудің қыр-сырын жанжақты бөлісіп, техникаларын үйретті. Осыдан кейiн Илья Ильин жанкүйерлерiне  қолтаңбасын таратып, естелiк фотоға түстi.

Илья Ильин, екi дүркiн Олимпиада чемпионы:

Өмірдегі басты арманым - рухани түсіністіктің болғаны. Мен спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін әрбір адаммен өзімнің білгендерімді бөлісуге дайынмын. Спортпен шұғылданған адам өзінің ғана емес мемлекетінің болашағына да көзқарасы өзгереді. Өз басым спорттық бірлестіктердің бірігіп жұмыс атқарғанын қуана құптаймын.

Индира БЕКТЕНОВА

 

Хабарламаларға жазылу