«Тур де Франс» веложарысының 4-ші кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс» веложарысының 4-ші кезеңі аяқталды

09.07.2014
«Тур де Франс» веложарысының 4-ші кезеңі аяқталды

Ең ірі веложарыстардың бірі «Тур де Франс» бәйгесінің 4 кезеңі аяқталды.Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша «Астана» командасы сапындағы италиялық Винченцо Нибали жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қалды.

Ал, 163 шақырымға созылған төртінші кезеңнің жеңімпазы болып неміс шабандозы Марсель Киттель танылды.

Екінші орынды «Катюша» командасының өкілі Александр Кристофф иеленсе, үшінші орынға француз Арно Демар ие болды. «Астана» командасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Якоб Фйульсанг 23 орында.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу