Футболдан Президент Кубогы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Президент Кубогы өтеді

24.06.2014
Футболдан  Президент Кубогы өтеді
Ертең Астанада футболдан дәстүрлі Президент Кубогы бастау алады.
 
Жасөспірімдер арасында өтетін жарысқа 6 мемлекеттің құрамалары қатыспақ.
 
Атап айтсақ, Испания, Әзірбайжан, Грузия, Қырғыз елі  мен Тәжікстан футболшылары.
 
Жарыс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі - топтық, екіншісі - финалдық бәсеке.
 
Маусым айының 29-шы жұлдызына дейін жалғасатын доп додасы «Астана Арена» стадионында өтеді.
 
Айта кетейік, өткен жылғы жарыста еліміздің жастар құрамасы жеңіске жеткен болатын.
 
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу