Футболдан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін жарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін жарыс өтеді

24.06.2014
«Астана Арена» стадионы ағымдағы жылдың 25-29 маусым аралығында футболдан 1998 жылы туған ойыншылар үшін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Президентінің Кубогына 7-ші халықаралық турнирді қабылдайды.
 
«Биылғы жылы біз Әзірбайжан, Грузия, Қырғыз Республикасы,Тәжікстан сияқты құрамаларды шақырдық. Бірінші рет бізге үздік әлемдік құрамалардың бірі - Испания келеді. ФИФА рейтингісінде ұлттық құрамалар арасында Испания үздік командалардың бірі және әзірге бірінші орында», - деп атап өтті баспасөз мәжілісі барысында Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев.
 
Олжас Абраев Қазақстан құрамасының Президент Кубогының қазіргі иегерлері ретінде әдемі әрі нәтижелі ойын көрсететініне үмітті. «Кезекті Президент Кубогы бізге жас таланттарды анықтауға мүмкіндік беріп, Қазақстанда, сонымен бірге, басқа елдерде де футболды дамытуға қосымша серпін береді деп сенеміз», - деп қосты ол.
 
Президент Кубогы ФИФА мен УЕФА-ның халықаралық жарыстарының ресми тізіміне енген.
 

Хабарламаларға жазылу