Хоккей: «Сарыарқа» - «Кубань» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей: «Сарыарқа» - «Кубань»

19.03.2014
Хоккей: «Сарыарқа» - «Кубань»

Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңіне суырылып шыққан «Сарыарқа» өз айдынында «Кубань» командасын 5:3 есебімен ұтты.

 
Бірінші кезеңде соғылған екі шайбаның авторы - Михала Махо мен Виталий Ааба атанса, қарсыластар сапынан Александр Журун көзге түсті.
 
Екінші 20 минуттықта шабуылда белсенді болған қарағандылықтар үш рет қарсыластар қақпасын нысанаға алып, көздегендеріне жетті.
 
Бұл ретте Александр Федосеев, Роберт Макмиллан және Якуб Гашпарович мергендігімен танылды. Дәл қазір командалар екінші кездесу өткізіп жатыр. 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу