«Локомотив» - «Барыс» - 4:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Локомотив» - «Барыс» - 4:1

05.03.2014
«Локомотив» - «Барыс» - 4:1

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионаты мәреге жетті. Астаналық «Барыс» сырт алаңда Ресейдің «Локомотив» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңілді.

 
Алайда, бұл сәтсіздік жерлестеремізге плей-офф кезеңінде ойын көрсетуге кері әсерін тигізбейді. Қарсыластар ойынның 1-ші минутынан ширақ қимылдап, шабуылдарды жиі ұйымдастырды.
 
Небәрі 6 минут ішінде «Барыс» қақпасына 3 шайба соғылды. Ал, 33 минутта «Барыс» сапынан Михайл Рахманов есепті 3:1-ге жеткізді. Үшінші кезеңде Егор Аверин осы ойындағы соңғы голдың авторы атанды. Қорытынды есеп – 4:1.

Хабарламаларға жазылу