Астанада дзюдодан студенттер арасында жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дзюдодан студенттер арасында жарыс өтті

04.03.2014
Астанада дзюдодан студенттер арасында жарыс өтті

Бүгін Астанада еліміздегі жоғары оқу орындары арасында дзюдодан Еуразия Ұлттық университеті ректорының кубогы үшін республикалық жарыс өтті.

 
Аталған жарысқа еліміздің барлық жоғарғы оқу орнынан 14 команда, 100 спортшы қатысты. Жарыстың басты мақсаты - студенттер арасында спортты дамытып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу, дейді ұйымдастырушылар.
 
Тартысты өткен сайыс қорытындысында үшінші орынды екі команда - Қазақ Спорт және туризм академиясы мен Семей Мемлекеттік медицина университеті иеленді. Екінші орында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
 
Ал, Айбек Нұғымаров бастаған Еуразия Ұлттық университетінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.
 
Айбек Нұғымаров, жарыс жеңімпазы:
Жарысқа магистр ретінде университеттің атынан қатыстым.  Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.
 
 
Рүстем  БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу